Ливия жағалауынан 27 мигранттың денесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливия жағалауынан 27 мигранттың денесі табылды

27.12.2021

Ливия жағалауынан 27 мигранттың денесі табылды. Марқұм болғандардың арасында екі әйел мен сәби бар. Заңсыз мигранттар Жерорта теңізін резеңке қайықтармен кесіп өтпек болғанда суға батып кеткен. Құтқарушылар олардың денесін Хомс қаласының жағалауынан тауып алды. Айта кетсек, соңғы жылдары Италия, Мальта мен Ливия арасындағы Жерорта теңізі аймағы Африкадан Еуропаға жетуді көздейтін мигранттардың басты бағытына айналған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу