Басты Жаңалықтар Атырауда ауызсу бағасын қымбаттатқан компанияға қатысты іс қозғалды

Атырауда ауызсу бағасын қымбаттатқан компанияға қатысты іс қозғалды

Атырауда табиғи газ бағасы 39 пайызға арзандады. Бұл ел бойынша ең төменгі баға. Енді атыраулықтар 1 текше метр үшін 4,7 теңге төлейді.

Сондай-ақ, Қаржы мониторингі агенттігінің өңірлік департаменті ауызсуға тарифтің заңсыз көтерілгенін анықтады. Қазір монополистке қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Келтірілген шығынды өтеу үшін жыл соңына дейін коммуналдық қызмет бағасы арзандайды.


Бөлісу