Мемлекет басшысы Н.Назарбаев пен В.Путинге қатысты пікір білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев екі мерзімнен артық президенттік сайлауға түспейтінін айтты.
«Қазақстан Президенті қызметінде қанша болатынымды білмеймін, бірақ нақты білетінім Конституцияға сәйкес екі мерзімнен артық болмайды. Заңды, оның үстіне Конституцияны өзгерту болмайды», - деді Президент.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевпен билік үшін саудаласпағанын да жеткізді.
«Саудаласпадық. Қауіпсіздік кеңесі төрағасының мәртебесі туралы мәселені шұғыл шешу қажет екені туралы айтылды және жағдай шиеленіскен кезде, жасырмаймын, мен қазір халыққа осы сәттен бастап Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы екенімді мәлімдеуім керек деген мәселені қойдым», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге қарыз болып қалдық деген қауесетті де жоққа шығарды. Мемлекет басшысының сөзінше ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына өтініш білдіргенде, бөтен адамдарға емес, одақтастарға жүгінген. Және бұл Ресейден басқа Беларусь, Тәжікстан, Армения және Қырғызстанның әскери бөлімдері біріккен контингент.
«Мен Владимир Путинмен көп сөйлессем де мұндай әңгіме болмады деп жауапкершілікпен айтамын, біз кейінірек есептесеміз деген де болмады. Кремльдің алдын ала шарттары да болған жоқ. Ақыр соңында Ресей Қазақстан үшін одақтас мемлекет», - деді Тоқаев.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қымызмұрындық–2026»: Дәстүрлі шараға 35 мыңға жуық адам қатысты
28.06.2026, 21:03
Аптап ыстық: Күннің қызуы тері обырын тудыруы мүмкін бе?
28.06.2026, 20:05
Психологтарға қойылатын талап қатаңдайды: Жаңа ереже нені өзгертеді?
28.06.2026, 20:04
Педагогикалық мамандыққа түсушілерге талап күшейеді
28.06.2026, 20:02
Бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану көлемі 648 млрд теңгеге жеткен
28.06.2026, 19:58
Еуропа Кеңесі Қазақстандағы реформаларды қолдады
28.06.2026, 19:52
Қазақстан мен Еуропалық Одақ: Не береміз, не аламыз?
28.06.2026, 19:50
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
28.06.2026, 12:18