Маңғыстау облысында азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасына бақылау күшейтілді

28.01.2022

Маңғыстау облысында азық-түлік бағасының қымбаттағаны туралы Call–орталыққа 17 шағым түскен. Өңірде қазір 54 мониторингтік топ әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын бақылауда ұстап отыр.  

Аймақта осындай 50 шақты сауда орны бар. Мамандар кәсіпкерлерге бағаны негізсіз көтермеуді, 15 пайыздан артық үстемақы қоспауды ескертті. Ал, талап орындалмаса, заңға сәйкес 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұған дейін өңірде көкөніс қымбаттап кеткен болатын. Өнімді Павлодардағы өндірушілерден тікелей әкелетін кәсіпкерлер қазір картоп пен жуа арзандағанын айтады. Өңірде тұрақтандыру қоры жасақталған. Қазір мұнда 1 372 тонна азық-түлік пен 102 000 литр сұйық май бар.

Нұрпейіс Назарғали, кәсіпкер:

Павлодардан бағасы тұрақтанды. Қазіргі бағасы 145-150 т. Оған дейін көтеріліп келе жатқан. Шетелге шығаруға тоқтатқаннан кейін тұрақтанды. Алдағы уақытта да түседі деген не бар. Соны шетелге шығармаса, себебі бізде бағаның тұрақтануы сол жаққа байланысты. Себебі үлкен қор Қазақстанда Павлодарда.


Хабарламаларға жазылу