Шымкентте 8 мобильді бекет жұмыс істей бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте 8 мобильді бекет жұмыс істей бастады

27.01.2022

Шымкентте қоғамдық тәртіпті бақылау ісін жетілдіру мақсатында 8 мобильді бекет ашылды. Мөлтек аудандар мен ішкі орамдардың аумағына орналасқан бекеттерде жол патрульдік инспекторы, учаскелік полиция, жасөспірімдер ісі бойынша мамандар мен жедел уәкілдер қызмет етеді. Соның арқасында енді тұрғындар полиция басқармасына барып уақыт жоғалтпайды. Кез-келген тәртіп бұзушылық пен қылмысқа байланысты жәбірленушілер осында келіп шағым түсіре алады. Бекеттер қызметтік байланыс құралдарымен жабдықталған. Олар деректер базасы мен жедел басқару орталығына жалғанған. Сондай-ақ әрбір бекетте жол патрульдік инспекторы мен учаскелік полицияның қызметтік көліктері болады. Бұл полицейлердің заңбұзушылық болған жерге жедел жетуіне мүмкіндік береді.

Ералы Жұмаханбетов, Шымкент қаласы Полиция департаментінің басшысы:

Алдағы уақтта біз осындай бекеттің 100-не тапсырыс бергенбіз. Онан да көбеюі мүмкін нормативке байланысты. Күнде халық көбейіп жатыр. Соған байланысты салынады.

Ғани Қалмаханов


Хабарламаларға жазылу