Мүгедектігі бар адамдар Мәжіліске сайлану мүмкіндігіне ие болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедектігі бар адамдар Мәжіліске сайлану мүмкіндігіне ие болады

27.01.2022

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар Парламент депутаты болып, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатыса алады. Мәжілістің депутаттық мандаты үшін 30 пайыздық квота берілетін санаттар қатарына әйелдер мен жастардан бөлек, мүгедектігі бар адамдар да қосылады. Бүгін Сенатта осы туралы заң қабылданды. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарды заң шығару жұмысына қатыстыру қажеттігі туралы Президент Жолдауында айтылған. Басты мақсат - мүгедек адамдардың пікірін ескеру және олардың саяси өмірдегі белсенділігін арттыру.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бүгін қаралған заң жобалары Мемлекет басшысының елімізді жаңарту бағдарын іске асыруға арналған. Соған сәйкес, Мәжілістегі депутаттық мандаттардың кемінде 30 пайызы кепілді түрде әйелдерге, жастарға және мүгедектігі бар адамдарға беріледі. Бұл Парламенттің өкілдік функцияларын күшейтеді. Сондай-ақ, оның жұмысына барлық маңызды әлеуметтік топтардың қатысуына кепілдік береді. Мүгедектігі бар адамдарды Мәжіліс құрамына қосу Парламенттің инклюзивтілігін де арттырады.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу