Мәжіліс сайлауы саяси жүйені жаңғыртады
Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауында алғаш рет "бәріне қарсымын" деген бағананың енгізілуі және саяси науқанның жарты жыл бұрын белгілі болғаны - демократиялық құндылықтардың қоғам арасында артуымен дәлелденіп отыр. Халық пікірі осындай.
Гүлмира Сұлтанбаева, саяси ғылымдардың докторы, профессор:
Партиялар арасында шектеу мүмкіндігінің бұрын 7 пайыз болса мандаттың, енді 5 пайызға дейін төмендетілуі және 7 партияның текетіреске түсуі - бұл да барынша партиялар арасында бәсекелестікті арттырады. Бұрын саясатта танылмаған тұлғаларға, қоғамға, елге барынша жанашырлықпен, үлкен махаббатпен жұмыс істеп жүрген азаматтар сайлану керек.
Жасталап Әбдіқайыр, оқытушы:
Бұл сайлау аяқастынан болайын деп жатқан сайлау емес. Мен ойлаймын, партиялар үлкен дайындықпен келеді. Ал дайындық болған жерде болашақта белгілі бір деңгейде сенім, болашаққа деген көзқарас дұрыс болады деген ойдамыз.
Досалы Салқынбек, тарихшы-профессор:
Наурыз айында мәжіліс және мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл жердегі өзгешелік неде?Былайша айтқанша, халқымыз демократиялық дамуға біршама қадам жасап отыр. Бұрынғы кезеңде бізде мәжіліске тек қана партиялық тізім бойынша сайлануға мүмкіндік бар еді. Бүгінде жеке адамдардың өздерінің мәжіліске депутат болып сайлануына үлкен мүмкіндік ашып бердік.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жезқазғанда «Metallurg Fest» фестивалі өтті
19.07.2026, 21:00
Теміртауда Металлург күніне арналған концертке 65 мың адам жиналды
19.07.2026, 20:30
Баянауылда заманауи «Сарыарқа сыры» визит-орталығы ашылды
19.07.2026, 18:15
«Шәмші әндері» өнер фестивалі басталды
18.07.2026, 20:10
ӘЧ: Бүгін түнде Франция мен Англия командалары ойнайды
18.07.2026, 20:07
4 теміржол вокзалы қайта ашылды
18.07.2026, 20:07
Металлургтер жарты жылда 258 миллиард теңгенің өнімін өндірді
18.07.2026, 20:06
Смартфонды 2 сағаттан артық қолдану денсаулық үшін қауіпті болуы мүмкін
18.07.2026, 20:05