Алматыда «Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты концерт өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты концерт өтті

25.04.2014
Алматыда «Дүлдүл ән мен пырақ күй» атты концерт өтті

 

«Дүлдүл ән мен пырақ күй». Осындай атаумен Жылқы жылын ұлықтау мақсатында Алматыдағы Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрында ән мен күй кеші өтті.
  
 Ұлттық нақышта болу үшін кеш алдында қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Онда шеберлердің қолынан шыққан қыштан, темірден, ағаштан, тоқыма өнімдері мен бұйымдар қойылды. Ал концерт түркілердің Жаңа жылды қарсы алу дәстүрінен көрінісімен басталды.
  
 «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен концертте тек жылқы төліне арналған ән-күйлер орындалды. Дәстүрлі өнердің шашбауын көтерген айтулы өнерпаздардың бәрі қатысты.
  
Ерлан Төлеутай, өнертанушы, әнші:
Ақан серінің «Құлагері», «Маңмаңгері», Біржан салдың «Бурылтайы», мына сыбызғы күйлеріне дейін Сейтектің, Құрманғазының «Көк ала ат» деген күйлері бар. Осындай ән-күйлер айтылуда.Сонымен қатар, айтылмаған «Керкекіл», «Құяң бел» орындалды. 
  
 
Дәурен ДАРИЯБЕК
 

Хабарламаларға жазылу