1395 бизнес нысанына зақым келіп, 71 мемлекеттік мекемеге шабуыл жасалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

1395 бизнес нысанына зақым келіп, 71 мемлекеттік мекемеге шабуыл жасалған

25.01.2022

Терроризмге қарсы операцияны жүргізу барысында ұрланған қарудың 515-і табылды. Қаруды ұрлағаны үшін 98 адам ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалған. Бұл туралы Ішкі істер министрілгі хабарлады. Қаңтар оқиғасына байланысты қозғалған қылмыстық істер туралы Бас прокуратура да мәлімдеме жасады. Толығырақ тілшіміз Берік Көшербай баяндайды. 

 Берік Көшербай, тілші:
Ия, жаңа ғана брифинг өтіп, осы айдың басында болған оқиғалар кезінде барлығы 71 мемлекеттік мекемеге шабуыл жасалғаны айтылды. Олар Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Өскемен, Ақтөбе, Атырау және Семей қаласында орналасқан. Ел бойынша барлығы 1395 бизнес нысанына зақып келіп, олар толықтай тоналған. Бұдан бөлек, 700-ден астам автокөліктер зақымдалып, жойылған. Оның ішінде 116 жеке көлік бар. 7 аңшылық дүкені тоналып, барлығы 1 564 дана азаматтық қару ұрланыпты. Бүгінде бұл қарулардың үштен бір бөлігі табылды. Лаңкестік актілер себептерін және ұйымдастырушыларын анықтаумен Бас прокуратура айналысып жатыр. Ал қалған қылмыстық істер бойынша тергеуді ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тергеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары жүргізуде.
Санжар Әділов, ҚР ІІМ тергеу департаментінің бастығы:
Қылмыстардың негізгі үлесін-70% немесе 1 356 негізінен тәртіпсіздіктерден туындаған хаос процесінде Алматы қаласының сауда объектілерінен жасалған ұрлық туралы істер құрайды. 127 қылмыстық іс атыс қаруы мен оқ – дәрілерді заңсыз сақтау фактілері бойынша, тағы 30 Іс оларды ұрлау фактілері бойынша тергелуде.Сонымен қатар, 63 қылмыстық іс мүлікті қасақана бүлдіру және жою, 12 – автокөлікті айдап кету, 24 – қарақшылық және тонау, 23 – құқық қорғау органдары қызметкерлеріне күш қолдану және олардың өміріне қол сұғу фактілері бойынша тіркелді.
 Берік Көшербай, тілші:
Ал бас прокуратураның мәліметі бойынша, бүгінде сотта қаңтардағы оқиғаларға байланысты 9257 әкімшілік қаралған. Олардың ішінде 4584 адамға сот ескерту жасаған. Ал жедел-тергеу топтардың өндірісінде 2044 қылмыстық іс бар. Осы істер бойынша 844 күдікті ұсталған.
Берік Көшербай, тілші:
Сондай-ақ, бас прокуратура қайғылы оқиғаларды тергеу кезінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ететінін хабарлады. Тиым салынған тергеу әдістері және құқық қорғау органдары азаматтардың құқығын бұзу бойынша 109 шағым түскен. Лауазымын өкілетін асыра пайдаланғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеулер басталған.


Хабарламаларға жазылу