Бірлігі жарасқан елдің берекесі артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлігі жарасқан елдің берекесі артады

22.04.2014
Бірлігі жарасқан елдің берекесі артады
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясына Семейден бес делегат қатысқан болатын. Астанадағы алқалы жиыннан оралғандар қаладағы ұлттық мәдени орталық өкілдерімен кездесіп, көрген білген, көкейге түйгендерімен бөлісті.
 
Келелі кеңесте қойылған міндет мақсаттарды бірлесе орындауға жастарды шақырды. Еліміздің ең асылы- татулық пен бірлікті бекем ету үшін, әрбір қазақстандық азаматтың үлесін зор, дейді семейліктер.
 
Дәл осы әнді Ольга Сағындықова Астанада өткен Ассамблея жиынында шырқаған еді. Елге оралған соң алған әсерімен көпшілікпен бөлісті. «Жиыннан түйгенім, басқада жоқ байлық-татулықтың тұғырын бекіте түсудің маңызы зор»- дейді ол.
 
Ольга Сағындықова, Семей қаласының тұрғыны:
Біз үлкен бір жанұя балалары сияқтымыз. Болашағымыз тек қана бейбітшілік ашық аспанда болса дейміз!
 
Семейде 13 ұлттық мәдени орталық бар. Барлығы бір шаңырақтың асты - Достық үйінде бірлесе жұмыс атқарады. Жұмыс демекші мәдени орталықтардың басты мақсаты -  ұлттық құндылықтарды насихаттаумен қатар ел игілігі үшін қызмет ету.
 
Ғабдулһак Ахунжанов, Татар ұлттық мәдени орталығының өкілі:
Біз енді Елордадағы жиыннан түйгенімізді әрбір қазақстандықа жеткізу міндетіміз. Татар ұлтында «Жоқ болса бере алмайды, бар болса көре алмайды» деген жақсы мақал бар. Бүгінде біздің елдің жетістігін, бейбітшілігін, ауызбіршілігін көре алмайтындар да көп. Сондықтан азаматтың санасына бірлігімізді беккемдей түсу қажет екендігін ұғындыруымз тиіс.
 
Келер жыл Елбасы бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жарияланды. Бұл еліміздегі татулық пен бірлікті бекемдей түседі дейді семейдегі сан алуан ұлт өкілдері. Олардың кез-келгені мемлекетіміздің даму жолындағы мерейлі мақсаттарды бірлесе жүзеге асыруға құлшынып отыр.
 
 
Ержан ЖАҚЫП

Хабарламаларға жазылу