Бірлігі жарасқан – Қазақстан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірлігі жарасқан – Қазақстан

10.11.2015
Бірлігі жарасқан – Қазақстан
Ассамблея жылы аясында республика көлемінде 700-ден астам ғылыми-сараптамалық іс-шара өтті.

Бүгін Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының қабырғасында өткен кеңес кезінде Ералы Тоғжан осылай деді.

Академия ректоры Болатбек Әбдрасілов «100-ден астам ұлыстың бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешуі баға жетпес байлық»,-деп ой қосты. Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» және «Мәңгілік ел» идеясы осы татулыққа берік тұғыр болмақ.

Қазақстандағы татулыққа қызыға қарайтын ел көп. Мәселен, соңғы 1,5 жыл ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесін 26 мемлекеттен келген делегация өздеріне үлгі етіп алған.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу