Алмаз Шарман: «Омикрон» штамы өте жұқпалы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмаз Шарман: «Омикрон» штамы өте жұқпалы

20.01.2022

Алматыдағы эпидахуал күн сайын ушығып келеді. Соңғы бір тәулікте 2 025 адамнан инфекция табылған. Медицина профессоры Алмаз Шарманның айтуынша, «омикрон» штамының жұқтыру мүмкіндігі «дельтадан» 3-4 есе жоғары. Сондықтан алдағы 1,5-2 айда эпидахуал күрт нашарлауы мүмкін. Азаматтар барынша сақтық шараларын ұстану қажет.

Алмаз Шарман көктемге қарай жағдай тұрақталуы мүмкін деген болжам жасады.     

Алмаз Шарман, медицина профессоры:  

«Омикрон» штамы өзге инфекция түрлерінен басқаша. Бұл вирус түрін жұқтырғаннан кейін алғашқы симптомдары 2 күннің ішінде білінеді. Ол қарапайым тұмау секілді өтеді. Инфекция көбінесе тамақ, мұрын секілді тыныс алу жолдарында қозады. Өкпеге түспейді. Әсіресе, кішкентай балалар мен қарттарға абай болу керек. Ауа жетіспей қалу қаупі бар. Сондықтан бетперде тағу, көпшілік жерге бармау секілді сақтық шараларын ұмытпауға кеңес беремін.


Хабарламаларға жазылу