Францияда коронавирустың жаңа түрі тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Францияда коронавирустың жаңа түрі тіркелді

04.01.2022

Франция ғалымдары SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа түрін тапты. Бұған дейін Камеруннан келген саяхатшыдан белгісіз штамм табылған еді. Оны Францияның оңтүстігінде кем дегенде 12 адамға жұқтырып үлгерген. Олардан алынған сынама «мутацияның атипті комбинациясын» көрсетті.

Коронавирустың жаңа түріне уақытша B.1.640.2 деген атау берілген. Оны Марселдегі Жерорта теңізі жұқпалы аурулар институтының ғалымдары ашты. Жаңа нұсқадан 46 мутация анықталған. Бұл штамм бұған дейінгі нұсқаларға қарағанда қатты жұқпалы болуы мүмкін. Әзірге ол туралы мәлімет аз.

Қазіргі уақытта Франция аумағында коронавирустың «омикрон» штамы өршіп тұр. Ауырғандарың 60 пайызынан осы штамм анықталған.

Ал елімізде соңғы тәулікте 413 адамның коронавируспен ауырғаны ПТР арқылы расталды. Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ғана «сары» аймақта тұр.


Хабарламаларға жазылу