ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығы болады

19.01.2022

Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ электр энергетикалық нарығы болады. Бұл мәселе бүгін Мәжілістің жалпы отырысында талқыланып, тиісті заң жобасы мақұлданды. Аталған құжат біртұтас ірі энергетикалық жүйеге интеграциялану үшін құқықтық негіз береді. Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай энергетикалық жүйесін құру кезінде Қазақстанның мүддесі ескерілуі тиіс. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы мәселеге ерекше назар аудару қажеттігін айтты. Электр энергиясын жеткізудің еларалық құрылымын қалыптастыруға қуаттардың, базалық инфрақұрылымның болуы ықпал етеді. Сондай-ақ, электр энергетикалық жүйелеріне ортақ техникалық стандарттар бар. Енді ортақ нарыққа қатысушылардың өзара қарым-қатынасына қатысты ережелер бекіту керек.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

Бірыңғай энергия жүйесін құру ол, әрине, керек нәрсе. Оған ешқандай күмән жоқ. Ол – бәсекеге қабілетті арттыру үшін керек. Ол, жалпы, осы секторды дамытуға жол ашады. Бірақ та, осы, бірыңғай энергия жүйесін құрғанда, ең бастысы, өз еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін сақтап қалуымыз керек. Ол - өте манызды мәселе.

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу