Алдағы жылдың қаңтарынан бастап, қазақстандықтар сапалы дәрі-дәрмектерді төмен бағамен сатып алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы жылдың қаңтарынан бастап, қазақстандықтар сапалы дәрі-дәрмектерді төмен бағамен сатып алады

01.09.2015
Алдағы жылдың  қаңтарынан бастап, қазақстандықтар сапалы дәрі-дәрмектерді  төмен бағамен сатып алады

ЕАЭО елдері аумағында тек GMP стандарттарына сай келетін медициналық препараттар таратылады.

Бұл қазақстандықтар үшін ЕАЭО елдері өндірушілері арасындағы бәсекелестіктің есебінен тиімді дәрілік заттарды төмен бағамен алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.

Дәрілік заттар мен медициналық өнімдер Еуразия Экономикалық Одағы аумағында Еуропалық Одақ қағидалары мен тәсілдері негізінде жасалған бірыңғай ережелердің тіркеу тәртіптерінен өткеннен кейін еркін айналымда болады.

Сондай-ақ, дәрілік заттарды, медицинада қолданылатын заттарды, айналымды қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру барысында мемлекеттік тілді қолдану бойынша ұлттық талаптар сақталады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылдың 29 мамырында ортақ қызметтер, тауарлар нарығы, капитал мен одаққа мүше мемлекеттердің жұмыс күшін жасақтау қарастырылған Еуразиялық Экономикалық Одақ туралы келісімге қол қойылды.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай қағидалары мен тәртіптері туралы келісімге 2014 жылдың 23 қаңтарында қол қойылды.   

 

 

 

Хабарламаларға жазылу