Ұлыбританияда жарық пен газ қымбаттайды
Ұлыбританияда тұрғындар табысының тең жартысын жарық пен газға жұмсауы мүмкін. Себебі, баға қымбаттайды. Елде 1-сәуірден бастап, электр энергиясының шекті құны белгіленді.
Марина Бекенова, тілші:
Елде электр энергиясының құны 50 пайызға дейін қымбаттамақ. Осылайша, тұтынушылардың жарыққа төлейтін жылдық шығыны 2 мың фунт, яғни шамамен 1 миллион 200 мың теңге болмақ. Түптеп келгенде, кедей топқа жататын 6 жарым миллионға жуық британиялықтың электр энергиясы үшін ақы төлей алмайтын түрі бар.
Рейчел Ривз, Ұлыбритания Көлеңкелі үкімет министрі:
Билік басындағы үкімет ядролық немесе қайта қалпына келетін энергия көздеріне инвестиция құя алмады. Олар газды сақтау ісінде де сәтсіздікке ұшырады. Көгілдір отын тасымалында Ресей мен Катарға тәуелді етіп қойды. Нарықты реттей алмағандықтан 27 энергетикалық компания банкротқа ұшырады.
Сарапшылардың пікірінше, қымбатшылықтан тек кедей отбасылар ғана емес, орта табысты адамдар да зардап шегеді. Нәтижесінде елдегі инфляция деңгейі де шарықтап, қымбатшылық қалтаны қағады. Үкіметтегілер аз қамтылғандардың шығындарын түрлі жәрдемақымен өтеуге және энергетикалық компаниялармен бағаны тұрақтандыру бойынша келіссөздер жүргізуге уәде беріп жатыр.
Марина Бекенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қысқы Олимпиада алауы Сицилия аралына жеткізілді
19.12.2025, 13:26
Қандастар Шәмші әндерін шырқады
19.12.2025, 13:24
Ақтауда тағы бір «Келешек мектеп» пайдалануға берілді
19.12.2025, 13:21
АЭС елдің өндірістік әлеуетін арттырады
19.12.2025, 13:18
Авторларға қаламақы төлеудің жаңа ережелері қаралды
19.12.2025, 13:15
Вашингтондағы Кеннеди орталығының атауына Трамптың есімі қосылды
19.12.2025, 13:12
Өзбекстанда су қоры айтарлықтай кеміп кетті
19.12.2025, 13:09
БҚО екі ауданында мал сорға батып, қырылып қалды
19.12.2025, 13:06