Ішкі істер министрлігіне полиция қызметкерінің заңсыз әрекетіне қатысты 17 шағым түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ішкі істер министрлігіне полиция қызметкерінің заңсыз әрекетіне қатысты 17 шағым түскен

17.01.2022

Ішкі істер министрлігінің сенім телефонына полиция қызметкерлеріне қатысты 17 шағым түскен. Өткен тәулікте 57 өтініш келіп түскен, оның 40 өтініші консультативтік-анықтама сипатында болса, 17-сі полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетіне шағым айтқан.

Кез келген азамат тәртіп сақшысының қызметіне қатысты шағымды өзіндік қауіпсіздік департаментінің сенім телефонына, яғни «14-02» нөміріне хабарлай алады.  


Хабарламаларға жазылу