Министр Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты

18.11.2019
Министр Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің не үшін тергеліп жатқанын айтты. 

«Бас прокуратураға бір азаматтан шағым түсті. Ол шағымында өзіне қатысты тергеу барысында Бас прокуратураның Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Кексельдің тарапынан түсінік беру бөлігінде тергеуге жатпайтын әдісті қолданғанын, яғни азаптау туралы айтқан. Қазіргі уақытта Тергеу департаменті тарапынан жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кексельге айып тағылған жоқ, бұлтартпау шарасы да қолданылмады. Ол тергеу амалдарынан жасырынып жүрген жоқ»,- деді министр. 

Оның атап өтуінше, аталған шағым тергеу үшін Ішкі істер министрлігіне берілген. Сондай-ақ министр Кексельдің шетелде емес, Қазақстанда екенін де атап өтті.

inform.kz

Хабарламаларға жазылу