Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген қоғам белсенділері де ұсталып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген қоғам белсенділері де ұсталып жатыр

14.01.2022

Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 669 адам полицияға жеткізілген. Солардың ішінде митинг кезінде көптің ортасында жүрген әлеуметтік желі белсенділері де ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылып жатыр.  

Қаладағы бірқатар белсендінің ұсталғаны рас. Олар кешегі дүрбелең кезінде заң бұзушылық әрекеттерге барған деген айыппен сот шешім шығарған. Біріне 30 айлық есептік көрсеткішпен айыппұл салынса, енді бірі 5 тәулікке қамалды. Жалпы 5 қаңтардағы оқиғадан кейін 325 адам әкімшілік жауапқа тартылды. Ал қанды қақтығыстың бел ортасында болған 53 күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалған. Сондай-ақ, жаппай тәртіпсіздік болған күні шаһардағы аңшы дүкеніне түскен екі ұры кеше ұсталды. Полиция олардан айғақ заттарды тәркілеп, тергеу амалдары жүруде.

Ұрылар аңшы дүкенінен қару-жарақ таба алмаған 

Абырой болғанда, кәсіпкер қалада қақтығыстар басталған күні дүкендегі барлық қару-жарақты жиып, құзырлы органдарға тапсырып үлгерген. Сондықтан, ұрлыққа түскен бұзақылар тек аңшы киімдерін, пышақ пен басқа да құрылғыларды тонаған.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу