Мемлекеттік нысандарға 6 миллиард теңге көлемінде залал келген
Қызылордада бүлікшілердің шабуылынан зақымданған мемлекеттік нысандарға 6 миллиард теңге көлемінде залал келген. Шығын көлемін арнайы комиссия есептеді.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Кешегі жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 225 адам полициямен тергеліп жатыр. «Антитерор» операциясы кезінде ұсталған күдіктілерден 1 атыс қаруы, 12 суық қару, 2 каска тәркіленді. Қазіргі таңда, 50 қылмыстық іс қозғалып, 27-сі қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Елді үрейге салған дүрбелеңде әсіресе әкімшілік, сот және Нұр Отан ғимараттарына қатты залал келгені белгілі. Ондағы дүние-мүлік пен құнды заттар тоналып, қызметтік автокөліктердің дені өртеніп, жарымсыз күйде қалды. Арнайы комиссияның есебі бойынша мемлекеттік нысандарға 6 миллиард теңге көлемінде шығын келген. Өңірде ахуал тұрақталды. Азық-түлік қоры жеткілікті. Қазір әлеуметтік қоймада тұрмысқа қажетті деген 1400 тонна азық. Азық-түлік бойынша мәселе болмайды деп сендіруде мамандар. Дәріханаларда дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Халыққа қызмет көрсету нысандары ашылып, қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Қаладағы 60 банкоматқа қаржы толтырылып, тұрғындардың қолма-қол ақша алуына жағдай жасалды.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мордовияда қазақ мәдениеті дәріптелді
17.04.2026, 13:28
Астанада білім бәйгесі басталды
17.04.2026, 13:15
ЖИ-ге негізделген қазақтілді жобалар көбейіп келеді
17.04.2026, 13:12
Атырауда конституциялық реформаларды талқылады
17.04.2026, 13:09
Бизнесті тексеру азайды
17.04.2026, 13:06
Қазақстан әлемнің 48 елімен инвестицияларды қорғау бойынша келісімге келген
17.04.2026, 13:03
БҚО-да ауру киіктен сынама алынды
17.04.2026, 13:00
«Кекілбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
17.04.2026, 11:49