Қызылордада 80 адам қамауға алынды
Қызылордада жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген 80 адам қамауға алынды. Қазір күдікке ілінгендердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, тергеліп жатыр. Аймақта кеше қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, бүгінде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Дәл қазір әріптесім Әділбек Серікұлы қалдағы блокбекеттің бірінен тікелей байланысқа шығуға дайын. Әділбек, өңірдегі қазіргі ахуал қалай?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Көріп тұрғандарыңыздай қаланың кіреберіс жолдарына блокбекеттер қойылды. Біз тұрған жер сол жағалаудан шаһарға енетін қақпа. Мұнда солтүстік бағыттан келетін көліктер жіті тексеріліп жатыр. Жалпы, өңірде антитеррор операциясы жалғасуда. Құқық қорғау органдары шаһарда ойран салған топтың белсенділерін іздестіріп жатыр. Бүлікшілер шабуылы кезінде 9 нысан отқа оранған болатын. Соның ішінде полицияның 24 автокөлігі өртеніп, 8-і зақымданған. Тәртіп сақшылары 4-ші қаңдардан бері 80 адамды ұстап, қамаққа алған. Олардың қылмысқа қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр. Қазіргі сағаттағы мәлімет осындай.
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бадам өзенінің жағасын ел болып тазалады
09.06.2026, 17:35
Эстетикалық топтық гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді
09.06.2026, 17:30
Үлкен Алматы көлінің маңы қоқыстан тазартылды
09.06.2026, 17:27
«Ақтөбе – Қарабұтақ – Ұлғайсын» тасжолы тоқтаусыз салынуда
09.06.2026, 17:25
Қызылорда облысының Абай ауылы су жүйесіне қосылды
09.06.2026, 17:22
Жылқышыға сенген халық малынан айырылған
09.06.2026, 17:17
5 мың науқас ағза трансплантациясына мұқтаж
09.06.2026, 17:15
Кенияда карантин орталығына қарсы шеру жалғасуда
09.06.2026, 17:12