Музыка қайраткерлері одағының төрағасы сайланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Музыка қайраткерлері одағының төрағасы сайланды

14.04.2014
Музыка қайраткерлері одағының төрағасы сайланды
Қазақстанның Музыка қайраткерлері одағын енді Айман Мұсақожаева басқарады. Бүгін Алматыда өткен ұйымның кезектен тыс сьезінде Халық әртісі Айман Қожабекқызыныңкандидатурасын 100-ден астам музыка өнерінің тарландары бірауыздан қолдады.
 
Айта кетсек, ұйым 1987 жылы Бүкілодақтық музыкалық қоғамының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған. Ал, Тәуелсіздік алғаннан кейін қоғам Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлерінің одағы деп өзгертілді.
 
Оның жаңа төрағасы ретінде КСРО-ның Халық әртісі, профессор Ермек Серкебаев сайланып, өмірінің соңына дейін дарынды жас музыканттардың кәсіби тұрғыдан өсуіне ықпал етті. Бүгінде одақ құрамында 2 мыңнан аса музыкант бар.
 
Жексенбек Еркінбеков, ҚР Еңбек сіңірген өнер және қоғам қайраткері:
Айманның бұл одақты басқаруға тәжірибесі бар, музыкант ретінде бүкіл әлем біледі. Сондықтан, келешекте одақтың жұмысы ары қарай ілгерілей береді деп ойлаймын.
 
Айман Мұсақожаева, Қазақстанның Халық әртісі, Қазақстанның Музыка қайраткерлері одағының төрайымы:
Жоспар көп. Соның бірі - опера және балет фестивалі. Мақсат - классикалық музыканың деңгейін  жоғары көтеру.
 
Әйгерім МУСИНА

Хабарламаларға жазылу