Президент Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

31.07.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады. Кездесуде ұлттық  театрлардың жай-күйі мен кинематография саласының ахуалы жөнінде әңгіме қозғалды. Сонымен қатар Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев театр мен кино саласының дамуына ерекше көңіл бөліп, үнемі қолдау білдіретінін атап өтті.  

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

Хабарламаларға жазылу