Өнерліге өріс кең - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өнерліге өріс кең

29.03.2014
Өнерліге өріс кең
Еліміздегі би ансамблдерінің жыл сайын саны да, сапасы да арта түсуде. Себебі, өнердің қай түрін болса да дамыту үшін барлық жағдай жасалған, мемлекет тарапынан қолдау да бар. Елордадағы «Нұрсәулемай» би ансамблі де бүгінде көптің көңілінен шығып жүр. Әлемді аралап, ұлттық өнерімізді насихаттауда.
 
Бұл «Нұрсәулемай» ансамблінің он екінші есептік концерті. Бірақ бұл концерт бұрынғылардан ауқымы жағынан да, сапасы жағынан да өзгеше. Олар 12 жылда көрермендер көзайымына айналып үлгерді, қазір құрамында 400-ден астам адам бар. Оның ең кішкентайының жасы 2-де болса, үлкені 20-да.
 
Самира Аманжол, «Нұрсәулемай» би ансамблінің мүшесі:
Біздің ансамбльде қырғыз биі,испан биі, көп ұлттың билері бар. Мен өскенде елге танымал биші болғым келеді.
 
«Өнер-таусылмас байлық, сарқылмас азық». Бұл сөз осы топта өнер көрсететін бишілердің ұстанымына айналды. Ансамбльдің жеткен жетістіктері, асқан асулары да аз емес. Әлемнің жартысын аралап, ұлттық өнермен тамсандырды, таңдай қақтырды. 30-дан астам байқаудың жеңімпазы атанды. Әрине біріншіден, киім, би, әуен үндестігіне баса назар аударылады. Қазақтың би өнерінінің қабілетін дамтыу арқылы ары қарай да әлемге танылу. Бағдарымыз баянды, жоспарымыз ауқымды, дейді ансамбль жетекшісі.
 
Меруерт Жарасбаева, «Нұрсәулемай» би ансамблінің жетекшісі:
Тамыз айында Италия еліне барып, өнер көрсетпекшіміз. Ең алғаш ашылғанда кішкентай ғана үйірме болатын, жылдар өте келе өзіме тәжірибе молайттым.
 
Бүгінде ансамбльдің репертуарында 100-ден астам би бар. Алдағы уақытта оның санын 500-ге дейін жеткізу көзделуде. Себебі, елімізде бұл өнер жаңа қарқынмен, жаңаша заманауи леппен дамуда.
 
Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу