Елордалық полицейлер қаза тапқан әріптестерін еске алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалық полицейлер қаза тапқан әріптестерін еске алды

10.01.2022

Бүгін елордалық полицейлер сапқа тұрып, елдегі қарақшылық шабуылдан қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қалалық полицияның жеке құрам қылмыскерлердің қолынан қайтыс болған әріптестері мен сарбаздардың рухына тағзым етті. Естеріңізге салайық, бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және террористерге тойтарыс беру кезінде сегіз полиция қызметкері мен өзге де күштік құрылымдардың тағы бірнеше әскери қызметшілері ерлікпен қаза тапты.

Ержан Саденов, қалалық Полиция департаментінің басшысы:

Олар батырлық пен ерлік көрсете отырып, қызметтік және әскери міндеттерін, өмірлерін соңына дейін адал орындады. Әріптесіміз туралы естелік Ішкі істер органдарының қызметкерлері және бүкіл Қазақстан халқының жүрегінде мәңгілік қалады.


Хабарламаларға жазылу