«Қыз Жібек» операсының сахналанғанына – 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қыз Жібек» операсының сахналанғанына – 80 жыл

07.11.2014
«Қыз Жібек» операсының сахналанғанына – 80 жыл

Биыл қазақ өнерінің алтын қазынасы «Қыз Жібек» операсының сахналанғанына – 80 жыл. Халқымыздың кәсіби опера тарихы осы «Қыз Жібектен» бастау алған. 1934 жылы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында «Қыз Жібек» опералық шығармасының алғашқы қойылымы өтті.

Операда ұлттық вокалдық және аспаптық шығармалар, халық композиторлары, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Тәттімбеттің ән-күйлері  молынан пайдаланылды. «Гәкку», «Айқаракөк» сынды халық әндері кейіпкерлердің бейнелерін ашып, шығарманың ұлттық бояуын қанықтыра түсті. «Қыз Жібек» операсының қойылуы ұлттық мәдениет тарихындағы айтулы оқиға еді.

Опералық қойылымда Жібектің рөлін алғаш сомдаған қазақтың бұлбұл әншісі Күләш Байсейітова. Ал, Төлегенді Қанабек Байсейітов ойнады. Әйгілі әнші Манарбек Ержанов та Шегенің образын көрерменге тамаша жеткізді.

Екі жастың мөлдір махаббаты лиро-романтикалық сазбен өрбіп, арманына жете алмаған аянышты тағдыры трагедиямен аяқталады.

«Қыз Жібек» операсының көркемдік құндылығы – оның музыкалық тілінде жатыр. Толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласзыдар.

Хабарламаларға жазылу