«Астана Опера» театрында Әлфия Кәрімова мен Сүндет Байғожиннің вокалдық музыкалық кеші өтті. Онда өнерсүйер қауым үшін бұрын-соңды естімеген романстар мен ариялар, сондай-ақ, башқұрт елінің халық әндері шырқалды.
Концерттік бағдарлама көрермендерге ұлттық музыкадан бөлек, классикалық музыка туындыларын әлемнің 8 тілінде тыңдауға мүмкіндік берді.
Айта кетейік, Әлфия Кәрімова - Башқұрт елінің Еңбек сіңірген әртісі. Ол осыған дейін Испания, Ұлыбритания, Ресей елдерінің рухани ордаларында өнер көрсеткен.
Айдан ҮСЕНБАЙ