Бүгін Алматыда арнайы операция кезінде қаза тапқан жауынгерлермен қоштасу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Алматыда арнайы операция кезінде қаза тапқан жауынгерлермен қоштасу рәсімі өтті

09.01.2022

Алматыдағы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясында арнайы операция кезінде қаза тапқан жауынгерлермен қоштасу рәсімі өтті. Олардың біреуі бүлікшілерге тойтарыс беру кезінде қаза тапқан. Ал төртеуі шекара академиясына шабуыл жасағандардың қолынан оққа ұшты. Бейбіт күннің батырлары ел есінде мәңгі сақталмақ.

Талғат Жүсіпов, марқұм курсант Д.Жұпарбековтың ағасы:

Мектеп кезінен форма киюге қызығатын.

Айгүл Құмарқызы, марқұм курсант М.Бітімнің нағашы апасы:

Алматыда жағдай өте қиын. Қазір ата-анасына денесін алып барамыз.Елімізге қиын болды. Ата-бабаларымыздың аманаты – елімізді бәріміз бірігіп, аман алып қалайық. Қазақ елі болып қарсы тұрайық.

Контртеррористік операция кезінде қаза болғандар:

- Полковник Андрей Кабдинов 1974 жылы туған

- Аға офицер Жандос Жағалбаев 1994 жылы туған

- Курсант Жайық Әділхан 1999 жылы туған

- Курсант Дәулет Жұпарбеков 2002 жылы туған

- Курсант Мейірхан Бітім 2002 жылы туған


Хабарламаларға жазылу