Миннеаполисте қаза тапқан Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Миннеаполисте қаза тапқан Джордж Флойдпен қоштасу рәсімі өтті

05.06.2020

Миннеаполисте полицияның дөрекі әрекетінен қаза тапқан Джордж Флойдпен алғашқы қоштасу рәсімі өтті. Айта кету керек, 46 жастағы афроамерикалықты мамырдың 25-де ақ нәсілді полицей мойнынан тізесінен басып тұрып мерт қылды.

Бұл оқиға бүкіл АҚШ –та және өзге елдерде нәсілшілдікке қарсы акциялардың басталуына себеп болды. Және де сол демонстрациялар Америкада тәртіпсіздіктерге ұласып, көптеген қалаларда коменданттық сағат жариялауға тура келді.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу