Семейде блокбекеттер қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде блокбекеттер қойылды

08.01.2022

Семей қаласының кіреберіс жолдарының барлығына блокбекеттер қойылды. Қазір күш құрылымдары шаһарға кіріп-шығатын әрбір көлікті күні-түні жіті тексеріп жатыр. Толығырақ студиямен телефон арқылы тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Ержан Жақып айтып береді.

Ержан Жақып, тілші:

Блокбекеттер кеше қойылып, жолаушылардың құжаты, қандай мақсатпен қалаға келгені немесе шығып бара жатқаны анықталады. Көлік толықтай тінтуден өтеді. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қажет тұрақты және көшпелі бекеттер қаланың ішіне де қойылған. Әлеуметтік және стратегиялық маңызы бар нысандар да күзетіледі. Тексерулер барысында бекеттен заңсыз өту, тәртіп бұзу фактілері анықталмаған. Қалада қоғамдық саяси ахуал тұрақты. Шаһарда еріктілер жасақтары да құрылып, олар құқық қорғаушылармен бірге тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіптің сақталуына көмек береді.


Хабарламаларға жазылу