Қызылордада қаржы пирамидасын құрған күдікті қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада қаржы пирамидасын құрған күдікті қамауға алынды

07.11.2023

Қызылордада қаржы пирамидасын құрған күдікті қамауға алынды. Адамдардың сеніміне кіріп 26 миллион теңге залал келтірген 31 жастағы әйелдің іс-әрекеті қазір тергеліп жатыр.

Ол «Chia-Tai» қаржы пирамидасын басқарып, жұртты шетелдік компанияға инвестиция құю арқылы табысқа кенелесің деп алдап келген. Бүгін де қомақты ақша салып, сан соғып қалған 24 азамат құқық қорғау органына арызданып отыр. Облыс бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті «Chia-Tai» қаржы пирамидасына қатысы бар тұлғаларды анықтау үстінде. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Әділбек Серікұлы


Қызылорда облысы

Хабарламаларға жазылу