Президент өнеркәсіп саясаты туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы отандық өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға арналған заңға қол қойды. Бұдан былай өз шикізатымыз өзімізде өңделуі үшін шикізат өндіруші, оны өңдеуші мен салалық мемлекеттік орган үш жақты шартқа отырады. Осылайша зауыт-фабрикалар шикізатты арзандатылған бағада сатып алуға мүмкіндік алмақ. Ал өндірісті технологиялық тұрғыдан жетілдіруге ынталандыру үшін өнеркәсіп гранты тағайындалады. Сондай-ақ, мемлекет қолдау көрсететін тауарлардың тізімі жасалмақ.
Лаура Садықова, ҚР ИИДМ өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры:
Жуық тауарларды іріктеп отырмыз. Сол тауарларды өндіретін ірі, орта, кіші бизнес бола ма, сол мемлекеттік ынталандыру құралдарына ие болады. Бұл деген біз өзіміздің өндірісімізді жоғары технологиялы, жоғары өнімділігі бар тауарларды өндіруге ынталандырып отырмыз. +07,05 Бизнес өз міндетін орындамаса, сол орындамаған көлеміне қарай бюджеттен бөлінген қаражатты қайтаруға міндетті болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 17:25
Ақмола облысының жастары саятшылыққа әуес
21.10.2026, 17:20
60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады
21.10.2026, 17:19
«Атамекен» әнін 460 оқушы бірге шырқады
21.10.2026, 17:18
Республика күніне орай сауда орталықтары акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 17:17
Жамбылдық зейнеткер құс өсіріп, табыс тауып отыр
21.10.2026, 17:15
Елордалық цирк маңайы абаттандырылды
21.10.2026, 17:13
Петропавлда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында 100 көшет егілді
21.10.2026, 17:12