Орман шаруашылығында қордаланған проблема көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орман шаруашылығында қордаланған проблема көп

30.12.2021

Жыл басынан бері заңсыз 224 ағаш кесілді. Жасыл желек әсіресе Жаңа жыл қарсаңында көп оталады. Импорттық деп сатылып жатқан шыршалар әсілінде өзіміздікі болуы да мүмкін. Сенатор Күрішбаев көңіліндегі күдігін Премьер-Министрге жеткізді. Ол орман шаруашылығындағы қордаланған проблемаларды айтты. Себебі бір ағаш жойылса, жылына 700 келіге дейін оттегі жоғалады. Ал оған жауапты орманшылар қауқарсыз.

Материалдық-техникалық базасы жұтаң, заманауи селекциялық орталықтары мен тұқымбақ кешендері жетіспейді. Өртпен күресу бойынша да озық ақпарат жүйесі жоқ. Қазақстандағы ең төменгі жалақы алатын да солар.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл саладағы ең қиын мәселе - кадрлармен қамтамасыз ету. Егер 30 миллион гектарға жуық аумақта орман қорын бақылауды тек 147 инспектор жүзеге асырса, орман ресурстарының сақталуы туралы не айтуға болады? Олардың санын бұрынғыдай кемінде екі есе көбейту ұсынылады. Қазіргі уақытта олардың техникамен қамтамасыз етілуі нормативтің 60%-нан аспайды. Орманшылардың орташа жалақысы небәрі 70 мың теңгені құрайды.


Хабарламаларға жазылу