ШҚО-ның Ұрынқай ауылындағы апатты мектептің орнына жаңа білім ошағы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-ның Ұрынқай ауылындағы апатты мектептің орнына жаңа білім ошағы салынады

11.06.2020

Шығыс Қазақстан облысының Ұрынқай ауылында жаңа мектеп салынатын болды.

Бұған дейін мұндағы оқушылар 1964 жылы ағаштан салынған, ал соңғы 6 жылдан бері апаттық жағдайда тұрған ғимаратта білім алып келді. Мектепті жаңалауға мүмкіндік болмады. Өйткені кезінде осы ауылға тиесілі 60 гектар аумақ орман қорына кіріп кеткен. Ал мұндай жерде құрылыс жүргізуге болмайды. 

Бұл проблема Ұлттық арна эфирінен көрсетілген соң көп ұзамай ауыл тұрған жер орман қоры қарамағынан елді мекенге берілді. Енді жергілікті билік өкілдері Күршім ауданындағы Ұрынқай аулында 80 орындық жаңа мектеп салуға қамданып жатыр.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу