Атырау облысында коронавирустың таралуы бәсеңдеді. Ауруханаларда жүктеме азайды. Бұрын өңірдегі ең ірі індет ошағы болған «Теңіз» кенішінде де эпидахуал тұрақталған.
Қазір кен орнындағы стационарда тек 4 жұмысшы ғана емделіп жатыр. Ал өңірдегі модульді ауруханада 49 науқас бар. Өткен тәулікте 3 тұрғыннан ковид анықталды.