Атырау облысында КВИ жұқтырған науқастар саны 4 есеге азайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында КВИ жұқтырған науқастар саны 4 есеге азайды

21.09.2021

Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда науқастардың саны 4 есеге азайды. Өңірде індеттің таралуы бәсеңдеді. 

 Жандос Темірғали тілші:
Бүгін Атырау облысы «cары» аймаққа өтті. Қауіптің беті сейілді. Медициналық мекемелерде де, жансақтау бөлімдерінде де жүктеме азайды. Осыдан бір ай бұрын, инфекциялық стационарларда 1700-ден астам науқас жатқан болса, қазір 4 есеге кеміді. Бүгінде ауруханада 418 адам емделіп жатыр.

Сондай-ақ, үйде ем-дом алған тұрғындар тамызда 9 мыңға жуықтаған еді. Қазір 1300-ге жетер-жетпес. Вакциналау да қарқынды жүруде. Тұрғындардың 72 пайызы екпе алып үлгерген. Жалпы, ел бойынша 7 өңір «қызыл» аймақта қалып отыр. 7 өңір «сары» аймаққа өтті. Ал, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары «жасыл» аймақта.


Хабарламаларға жазылу