Атырау облысы «қызыл» аймаққа қайта оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысы «қызыл» аймаққа қайта оралды

11.01.2021
Атырау облысы «қызыл» аймаққа қайта оралды

Атырау облысы коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймаққа қайта оралды. ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы 11 қаңтар күнгі Қазақстан облыстарының эпидемиологиялық ахуалын бағалау матрицасын жариялады.

Орталықтың бағалауынша Ақмола, Атырау облыстары «қызыл» аймақта тұр. Ал «сары» аймақта Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, БҚО, СҚО, Қостанай, Павлодар облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта.

Еске сала кетейік, 10 қаңтарда Атырау облысы «сары» аймақта, Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұрған еді.

Хабарламаларға жазылу