Байқоңырдан 36 спутник ұшырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқоңырдан 36 спутник ұшырылды

28.12.2021

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Фрегат» үдемелі блогы мен 36 «Уануэб» жер серігі ұшырылды. Аппараттарды «Союз» зымыран-тасығышы Орбитаға апарған. Бұл туралы мәлімет «Роскосмостың» сайтында жарияланды.

Зымыран штаттық режимде ұшырылған. Айта кету керек, британиялық «Уануэб» компаниясы тұтынушыларды жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз етуді көздейді.

Бұл тікелей спутник байланысы арқылы жүзеге асады. Қазір осындай жер серіктерінің орбитадағы жалпы саны 394-ке жетті.

Арай Төлегенқызы


Байқоңыр спутник

Хабарламаларға жазылу