Отандық креативті индустрияны дамыту үшін білікті кадр дайындау маңызды. Өзекті бастаманы Алматыда студенттермен және жас ғалымдармен болған кездесуде Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қозғады.Айтуынша, бүгінде бұл бағытта оқытатын бағдарламалардың бәрін заман талабына сай деуге келмейді. "Сондықтан Білім және ғылым министрлігі креативті индустрияға кіретін мамандықтардың оқу бағдарламаларын қайта қарау қажет. Жаңа мамандықтар ашып, ал барларын жетілдіру бағытында жүйелі жұмыстар атқаруы тиіс",- деді Мемлекеттік хатшы. Ал бұл салаға серпін беретін басты басымдық - ұлттық мазмұн. Креативті индустрияны дамытуда өскелең ұрпаққа, қала берді өзге мемлекеттерге қазақи дәстүр мен төл өнерімізді, тарихымызды насихаттау аса маңызды.
Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:
Батыс елдерінде ақын-жаушылардың кітаптарын жарнамалап, сату ісімен әдеби агенттер жұмыс істейді. Сол секілді біздің де шығармашыл өкілдерінің туындыларын шет тілдеріне аударып, нарыққа шығарумен айналысатын біліктімамандар даярлау қажет. Бұдан бөлек цифрлы жаңа технологияның қарқынды дамуы да жаңа мамандықтардың, курстардың ашылуын міндеттеп отыр. Кейбір оқу бағдарламаларын өзге оқу орындарымен бірлесіп әзірлеу қажет.