ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚР Президенті бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

18.09.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың жарлығымен кадрлық ауыс-түйістер болды. Марат Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды. Лауазымды орынға бұған дейін Президент әкімшілігінің басшысы болған Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Ал бұл қызметке бүгінге дейін Қарағанды облысының әкімі болған Ерлан Қошанов келді. Бұдан бөлек бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды. Ал Бейбіт Атамқұлов Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болды. Оның орнына Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі қызметіне кірісті.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу