Ел аумағында соңғы аптада 2900 дей қылмыс тіркелді. Оның 1900 ден астамының ізі суымай ашылған. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің өкілдері жыл қорытындысына арналған брифингте баяндады. Биыл қылмыстық құқық бұзушылықтар саны төрт жарым пайызға азайған. Ауыр қылмыстар мен тонау деректері де едәуір кеміді. Жыл басында 102 мобильді қосымша іске қосылды. Ол тұрғындардың полицияға әлеуметтік желі арқылы жүгінуіне мүмкіндік береді. Қазір жаңа жыл қарсаңында қылқан жапырақты ағаштарды кесу оқиғалары жиілейді. Сондықтан өңірлерде 305 мобильді топ құрылып, табиғатты қорғауға күш салып жатыр.
Нұрділдә Ораз, ҚР ІІМ ресми өкілі:
695 рейд жүргізілді. Операцияның 10 күнінде барлығы 127 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 17 заңсыз ағаш кесу, егер ағаш ерекше қорғалатын табиғи аумақта болса, онда залал өтеу сомасы 25 АЕК құрайды.