Терроризм деңгейі бойынша аса қауіпті елдердің рейтингісінде Қазақстан 93-ші орында тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Терроризм деңгейі бойынша аса қауіпті елдердің рейтингісінде Қазақстан 93-ші орында тұр

20.12.2020
Терроризм деңгейі бойынша аса қауіпті елдердің рейтингісінде Қазақстан 93-ші орында тұр

Елімізде экстремизм мен терроризмге байланысты тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар саны бір жылда 15%-ға азайған.  Әлем елдері ішінде терроризм қауіптілігіне байланысты рейтингте Қазақстан 93-ші орында тұр. Ел индексі 0,901 құрады. Бұл көрсеткіш терроризмнің төмен деңгейіне жатады. 

Индекс неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елде қақтығыстар мен террористік актілер жиі орын алады. Егер индекс нөлге тең болса, онда елде прецеденттер мен терроризм қаупі мүлдем жоқ. Рейтинг көшінде Ауғанстан, Ирак және Нигерия елдері тұр.

2020 жылдың қаңтар-қазан елімізде экстремизммен және терроризммен байланысты 189 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 14,9% - ға аз. Ал, өңірлер бойынша құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Түркістан облысы мен Алматыда тіркелді. Әр өңірде 29 жағдай. 

Сондай-ақ, анти-лидерлер тізіміне Шымкент (19 құқық бұзушылық) және Нұр-Сұлтанда (15 оқиға) орын алған.  Ең аз құқық бұзушылықтар Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында тіркелді. 


Терроризм Қазақстан құқық бұзушылық

Хабарламаларға жазылу