«Омикрон» қаупіне байланысты 200-ден астам рейс доғарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Омикрон» қаупіне байланысты 200-ден астам рейс доғарылды

24.12.2021

Американың «Юнайтид Эйрлайнс» және «Дельта» әуе компаниялары 200-ден астам әуе рейсін доғарды. Сондықтан сан мың америкалық Рождество мерекесі қарсаңында үйлеріне жете алмауы мүмкін.

Авиациялық кәсіпорындардың ұшақтарды сапарға аттандырмауына елде коронавирустың «Омикрон» штамының тез тарауы себеп.

Қазір аталған компаниялар Құрама Штаттар үкіметінен карантиндік шектеулерді толық вакциналанған адамдар үшін жеңілдетіп, әуежайлардың жұмысын қалпына келтіруді сұрап отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу