Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады

22.12.2021

Мемлекет басшысы Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновті қабылдады. Кездесу барысында Президентке биылғы атқарылған жұмыстың қорытындысы мен коронавирус пандемиясының отандық бизнеске тигізген әсері туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев қорытынды есепті оң бағалап, бизнеске қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың көбею себептерін анықтау және оларды жою үшін шаралар әзірлеу жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы «Самұрық-қазына» АҚ Басқарма төрағасын қабылдады

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті де қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның өндірістік көрсеткіштері мен қаржылық қорытындысы туралы есеп берді. Алмасадам Сәтқалиевтің сөзінше, қордың биылғы табысы 10,5 триллион теңгеге жетеді. Бұл жоспардағы көрсеткіштен 22 пайыз жоғары. Сонымен қатар, кездесуде газбен және сумен қамту, көлік және энергетика салаларындағы 11 басым жобаның іске асырылу талқыланды. Жобалар мақұлданып, Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына енгізілді.


Хабарламаларға жазылу