Ұлттық құрама Бейжің Олимпиадасына 60-тан астам лицензия ұтып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құрама Бейжің Олимпиадасына 60-тан астам лицензия ұтып алды

22.12.2021

Екі айдан кейін Қытайдың Бейжің қаласында 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары басталады. Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, әзірге спортшыларымыз 8 спорт түрінен 60-тан астам лицензия ұтып алған. Биатлон, шаңғы жарысы, «фристайл могул», шаңғы қоссайысы сияқты спорт түрлерінен лицензиялық жарыстар әлі аяқталған жоқ. Сондықтан лецензия санын арттыруға мүмкіндігіміз бар деді ведемство өкілдері.

«Қажымұқан» туралы жаңа фильм халыққа келер жылы ұсынылады

Сондай-ақ, министр Ақтоты Райымқұлова келер жылы «Қажымұқан» туралы жаңа фильм қалың көрерменге жол тартатынын хабарлады. Себебі бұған дейін түсірілген фильмдерде орыс палуаны Иван Поддубныймен күрескен сәттері бұрмаланып, тарихи шындыққа жанаспайтын кадрлар орын алған. Қанағат Мұстафиннің режиссерлығымен түсірілген фильмнің қазір монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

Биыл жылдың соңына дейін көрсетейік деп едік, үлгермей жатыр. Өзі туған Ақмола облысының жерінен бастап, бүкіл жер шарын аралап, үлкен жетістіктерге жеткенін көрсеттік. Сонымен қатар, өмірінің соңында ІІ дүниежүзілік соғысы кезінде өзінің қаржысының бәрін беріп, өзінің атындағы ұшақты жасағанға дейінгі тағдыр белестерін көрсеттік. Фильм жақсы шығады деген ойдамын. 


Хабарламаларға жазылу