XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлап отырмыз - Елсияр Қанағатов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлап отырмыз - Елсияр Қанағатов

28.10.2015
XXXI Жазғы Олимпиада ойындарына 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлап отырмыз - Елсияр Қанағатов

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысы өтті. Жиын барысында Спорт және дене шынықтыру жөніндегі комитеттің төрағасы Елсияр Қанағатов 2016 жылы өтетін Рио Олимпиадасына 100 лицензияны ұтып алуды жоспарлап отырғанын айтты.

«Ұлттық құрама команданың алдында спорттың 27 түрі бойынша 100 лицензия ұтып алу міндеті тұр», - деді Е.Қанағатов.

Бүгінгі таңда Қазақстан Ұлттық құрамасында Рио Олимпиадасына 26 лицензия бар.

Бұдан өзге, Паралимпиадалық ойындарға да дайындық мәселелері ерекше назарды қажет етеді, қазіргі таңда 17 спортшы спорттың 6 түрі бойынша лицензиялық нормативті орындады.

«10 лицензия алуды жоспарлап отырмыз», - деп түйіндеді Е.Қанағатов.

XXXI Жазғы Олимпиада ойындары 2016 жылдың 5 мен 21 тамыз аралығында Бразилияда, Рио-де-Жанейрода өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада өткізілетін алғашқы Олимпиада ойындары болмақ.

  

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу