Қостанай облысында электр станциясы өртеніп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында электр станциясы өртеніп жатыр

22.12.2021

Қостанай облысының Құсмұрын кентін электр қуатымен қамтитын электр станциясы өртенді. Бұл нысан аудан орталығы Әулиекөл мен Құсмұрынның арасындағы ашық далада орналасқан. Алғашқы болжам бойынша трансформатордың температурасын қалыпты жағдайда ұстауы тиіс қою май жанған. Оның неден тұтанғаны әзір белгісіз.

Тілсіз жау 70 шаршы метр жерді шарпыды. Төтенше жағдай кезінде тұрғын үй секторына жарық қосымша қуат көздері арқылы берілді. Өрт әлі толық сөнген жоқ, оқиға орнында 40 адам мен 6 техника жұмыс істеп жатыр.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу