Атырауда жарықсыз қалған бес ауданға жарық берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда жарықсыз қалған бес ауданға жарық берілді

15.11.2022

Атырауда жарықсыз қалған бес ауданға түнде электр энергиясы берілді. Естеріңізге сала кетейік, қосалқы электр станциясы өртеніп, қаланың тең жартысы тәулік бойы электр энергиясынсыз қалған. Қазір жағдай тұрақты.

Қалалық білім бөлімінің мәліметіне сәйкес, ғимараттар суық болғандықтан, бүгін бір бала-бақша жұмыс істемейді және екі мектепте бірінші ауысымда сабақ болмайды.

Ал түстен кейін қалыпты жағдайда оқиды.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу