Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасын салдырған тұрғындар саны 40 мыңнан асты. Олардың көпшілігі - 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер болса, 4 мыңы - жүкті әйелдер. Сондай-ақ үш мыңға жуығы емізулі баласы бар аналар.
Сала мамандары екпе әрбір оқушының ата-анасының келісімімен ғана салынып жатқанын айтады. Ревакцинация шаралары да қарқынды жүргізілуде. Нәтижесінде өңірде соңғы екі тәулікте COVID жұқтырған науқастар тіркелмеген.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында «Pfizer» вакцинасын салдырған тұрғындар саны 40 мыңнан асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/149947/)