ШҚО-да 19 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да 19 мыңнан астам бала Pfizer вакцинасын алды

02.12.2021

Алматыда коронавирус жұқтырушылар саны азайып, эпидахуал тұрақталып келеді. Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, соңғы тәулікте 60 адамнан инфекция анықталған. Стационарларда 362 науқас емделіп жатыр. 40 пациенттің жағдайы ауыр,-дейді дәрігерлер. Мегаполистегі жаппай вакцинациялауға келсек, бір тәулік ішінде екі компонентты 1500-ден астам адам салдырған. Қалада 132 екпе егу пункті жұмыс істеп тұр. Pfizer екпесін 14 500 адам, оның ішінде 880 жүкті әйел және емізулі баласы бар 3 мыңнан астам анаалар салдырған. Сондай-ақ аталған вакцинамен 12-18 жас аралығындағы 10 мың жасөспірім егілді.

Ұлжан Шормақова, №1 емхананың педиатр дәрігері:
 Ешқайсысында жанама әсерлері байқалған жоқ.  Ата-ананың келісімімен, ата-ананың қатысуымен Pfizer вакцинасы салынады. Бала вакцина алғаннан кейін 30 минут дәрігердің қарауында болады. 

Шығыс Қазақстан облысында 19 мыңнан астам бала Pfizer  вакцинасын алды. Облысқа қараша айының басында бұл екпенің 35100 дозасы жеткізілген. Қазір өңірде халықты иммундау жұмыстары қырқынды жүруде. Екпе жасөспірімдерге тек ата-анасының рұқсатымен салынуда. Сондай-ақ 400-ге жуық жүкті әйел мен 1400-ден астам емізулі баласы бар әйелдер екпе салдырған.


Хабарламаларға жазылу